Керей-Жәнібек хандар көшесінің учаскесі ішінара жабылады

фото: Астана қаласы әкімдігі
Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Керей-Жәнібек хандар көшесінің жол төсеміне жөндеу жұмыстар жүргізілетінін мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Осыған байланысты 31 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Ә.Бөкейхан/Керей-Жәнібек хандар көшелерінің қиылысы толығымен жабылады.
Сонымен қатар 31 тамыз бен 4 қыркүйек аралығында Ә. Бөкейхан көшесінен бастап Түркістан көшесіне дейінгі учаскеде Керей-Жәнібек хандар көшесі ішінара жабылады. Бұл ретте автокөлік қозғалысы бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылатын болады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 13:04
Астанада өтетін жәрмеңкеге екі облыстың тауар өндірушілері 400 тонна өнім әкеледі

Бүгін, 11:48
Астанада тағы бір жаңа аллея ашылды

Бүгін, 10:51
Елордада 20 қыркүйекте жалпықалалық сенбілік өтеді

Бүгін, 09:54
Астаналық мектептерде ерекше қажеттілігі бар оқушыларға кәсіптік білім беріледі