Астаналық мектептерде ерекше қажеттілігі бар оқушыларға кәсіптік білім беріледі

Бүгін, 09:54
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
views42
Астаналық мектептерде ерекше қажеттілігі бар оқушыларға кәсіптік білім беріледі
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астана мектептерінде соңғы екі жылда инклюзивті білім беруді қолдау мақсатында 21 арнайы кабинет ашылды, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Басты мақсат – барлық баланың тең дәрежеде сапалы білім алуына мүмкіндік жасау.

Қазіргі таңда 1054 ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушы осы кабинеттерде заманауи жағдайларда оқып, әлеуметтік бейімделу мүмкіндігіне ие болып отыр. Инклюзивті кабинеттердің құрамына логопед, дефектолог және психолог бөлмелерімен қатар, қыш шеберханасы мен емдік дене шынықтыру кабинеті кіреді.

Астана қаласы Білім басқармасының бастамасымен биылдан бастап ерекше қажеттілігі бар балаларға кәсіптік білім беру жүйесі енгізіліп жатыр. Енді оқушылар бос уақытында өз қабілеті мен қызығушылығына сәйкес кәсіби бағыттарды меңгере алады. Мәселен, өсімдіктерді баптау, ас әзірлеу, тігіншілік сияқты салаларды үйрену мүмкіндігі қарастырылған.

Бұл бастама олардың болашақта еңбек нарығына бейімделіп, әлеуетін толық ашуына жол ашады.