Келесі жылы елімізде зейнетақы 8,5 пайызға өседі
26 тамыз, 2024


Фото-коллаж: Elordainfo.kz
Қаржы министрлігі Ашық НҚА порталында 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын қоғамдық талқыға жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Заң жобасына сәйкес, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда зейнетақы 8,5 пайызға өседі.
Зейнетақының ең төмен мөлшерi – 62 771 теңге болады.
«Жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жұмсалатын қаражат 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап олардың мөлшерлерін 8,5 пайызға көтеру ескеріле отырып көзделген деп белгіленсін», – делінген заң жобасында.
Сондай-ақ, заң жобасында негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштер 2025 жылы қандай болатыны жазылған. Оларды осы жерден оқып білуге болады.
Ұқсас жаңалықтар

5 маусым, 2025
Елордада заңсыз салынған тұрғын үй кешені бұзылып жатыр

5 маусым, 2025
Әрбір нәрестеге – бір ағаш: Астанада ерекше экоакция өтті

5 маусым, 2025
Елордада тұрғындардың діни сауаттылығын арттыруға арналған акция өтті

5 маусым, 2025
«Астана Балет» театры халықаралық балет сыйлығының номинанты атанды