00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қабанбай батыр даңғылының бір бөлігі толығымен жабылды

17 маусым, 2024
Олжас Сүлейменов Олжас Сүлейменов
Қабанбай батыр даңғылының бір бөлігі толығымен жабылды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада Сығанақ көшесінен Алматы көшесіне дейін Қабанбай батыр даңғылының бойындағы учаске толығымен жабылды, деп хабарлады Elorda.info.

Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеуге байланысты 17 маусым сағат 10:00-ден 18 маусым күні сағат 07:00-ге дейін жоғарыда аталған учаске толығымен жабылды.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.