«JOLTAP» жобасы: Қысқа мерзімде кәсіпті қалай меңгеруге болады?
«JOLTAP» жобасының қысқамерзімді тегін курстарының арқасында 2 мыңнан астам жұмыссыз астаналық жаңа мамандық игерді, деп хабарлады Elorda.info.
Жоба жетекшісі Ерасыл Ділдайымның айтуынша, бұл бастама елорданың жұмыссыз тұрғындарын жұмыспен қамту шараларына жауапты. Атап айтқанда қысқамерзімді оқыту және жұмысқа орналастыруда өзінің тиімділігін көрсетті.
Жобаның мақсатты аудиториясы – NEET жастары, жұмыссыздар және жаңадан көшіп келгендер. Оқытушыларымыздың айтарлықтай тәжірибесі бар, олар – белсенді практиктер. Оқу кабинеттері барлық қажетті құралдармен жабдықталған. Ал курстарға жазылу үшін модульдік пункттеріміздің біріне келуіңіз керек, - дейді менеджер.
Айта кетейік, жоба – Астана әкімдігінің бастамасы. Кооператор – «Жаңа мүмкіндік» қоғамдық қоры. Мынандай мамандықтар бойынша қысқамерзімді оқу бағдарламалары қарастырылған: бариста, сатушы кассир, әмбебап тамақтандыру қызметкері, тігінші, сәнгер, электр және газбен дәнекерлеуші. Сонымен қатар цифрлық дағдыларды алуға мүмкіндік қарастырылған – таргетинг, SMM, видеомонтаж, маркетплейс, мобилография, графикалық дизайн, веб-дизайн, негізгі цифрлық дағдылар.
Қатысушылар таңдай алатын 15 мамандық бар, оқу бағдарламалары еңбек нарығының сұранысы негізінде құрастырылған және мамандыққа байланысты ең қысқа мерзімде – 2 аптадан 1 айға дейін практикалық дағдыларды беруге бағытталған.
Қысқамерзімді курстардың оқытушысы, бариста Тұрар Ілияс бұл мамандықты меңгергісі келетіндердің жеткілікті екенін айтады.
Мұнда базалық бариста курстарын үйретеміз. Бұған классикалық эспрессо, капучино, латте және американо кофелерін дайындау кіреді. Бармендік жұмысқа келген адам сол мамандықтың қарапайым дағдыларын меңгеріп, жұмыс барысында біліктілігін шыңдайтындай білім береміз, – деді.
Оның үстіне мұндай курстардың көмегімен мамандығыңызды түбегейлі өзгертуге болады. Шығармашылық қызметте өзін сынауға бел буған дәрігер Гүлмира Исмайылова курсқа қатысты. Бойжеткен тігін курстарынан өтіп, болашақта киім дизайнері болуды армандайды.
Маған атмосфера қатты ұнайды. Мұғалімдердің жоғары деңгейіне тәнті болдым, жан-жақты және анық түсіндіреді. Уақыт барынша тиімді өтеді. Осы екі сағатта біз көп нәрсеге қол жеткіземіз: сабақтың теориялық бөлігін меңгереміз, оны тәжірибеде қолданамыз, - дейді жоба студенті.
Айта кетерлігі, жоба жүзеге асырылған уақытта бірқатар түлектер өз ісін ашу үшін мемлекеттік гранттар мен шағын несиелерге ие болды, сонымен қатар өз бизнесін алға жылжыту үшін қажетті цифрлық дағдыларды меңгерді. Бизнес-жобаларға кофеханалар, ательелер мен тұрмыстық дүкендер кіреді.