00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«JOLTAP» әлеуметтік жобасында жаңа курс ашылды

«JOLTAP» әлеуметтік жобасында жаңа курс ашылды
фото: Оңалхан Өнерхан

Соңғы жылдары заман сұранысына қарай жаңа мамандық түрлері пайда болды. Әлеуметтік желілер дамыған сайын SMM мен мобилограф мамандарына сұраныс артып келеді. Жаңа мамандықтар тізіміне контент-креатор да қосылды. Ол әлеуметтік желіге талдау жасап, әрқашан контент идеяларды дайындайды. Енді бұл мамандық түрін «JOLTAP» әлеуметтік жобасы арқылы тегін меңгеруге болады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бүгінде елордада жаңа «Контент-креатор» курсы басталды. Курс оқытушысы Арина Подымскаяның сөзінше, елордалықтар бұл мамандық түрін жеті күнде меңгере алады.

«Әлеуметтік желіде қысқа әрі көрерменнің назарын лезде аударатын тиімді контент басым түскенін байқауға болады. Сәйкесінше сапалы медиа өнімді дайындай алатын мамандарға сұраныс артты. Бұл жаңа курстың ашылуына себеп болды. Осы мамандықты таңдаған жоба қатысушылары 7 күн бойы пайдалы әрі тиімді контент жасауды үйренеді. Шығармашалық ойлау қабілеттерін дамытып, желі қолданушылардың назарын аудару үшін түрлі идеяларды ойлап табады. Мысалы Smm маманы ақпаратты жан-жақты таратумен айналысса, контент-креатор қажетті мәтін мен сценарийді дайындайды. Курс қатысушылары мобилография қырларын да меңгереді»,- дейді Арина Подымская.

Әрдайым ізденісте болуды қажет ететін мамандық арқылы да табыс табуға болады. Мамандар Reels, Stories функцияларын қолдана отырып, тапсырыс берушінің мақсатына қарай контент дайындайды. Желі қолданушыларын елең еткізер өнім дайындап, сол арқылы табыс табады.

Бір жыл бұрын бастау алған «JOLTAP» жобасы  аясында 5,6 мыңнан астам елордалық білім алды. Оның ішінде 3,2 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты. Тіпті өз ісін ашқандар да бар.

Айта кетейік, бүгінде елордада «Баршаға мүмкіндік» модульдік пунктері жұмыс істейді. Онда қала тұрғындары жұмысқа орналасу мүмкіндіктері мен қысқа мерзімді оқуға жазылу бойынша кеңес ала алады.