Jastar Talks: полиглот Ақерке Орынғалиева астаналық студенттермен сұхбаттасты

Бүгін, 12:28
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
views64
Jastar Talks: полиглот Ақерке Орынғалиева астаналық студенттермен сұхбаттасты
Фото: «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы

Астана қаласы әкімдігінің Сервис және туризм колледжінде Қазақстан халқының тілдері күніне орай Jastar Talks іс-шарасы өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Өз саласында жетістікке жеткен тұлғалар мен жастардың еркін форматта сұхбаттасу кешін Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды. Кездесуге 100-ден астам студент қатысты.

«Іс-шара 2020 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Содан бері жастар өз саласының үздік мамандарымен кездесуге мүмкіндік алып келеді. Бұл аға буын өкілдері мен жастар арасындағы ашық пікір алмасуға арналған үлкен алаң болып табылады. Жоба мақсаты - жастарға жетістікке жеткен тұлғалармен танысып, өмірлік тәжірибе алуларына ықпал ету, еңбек пен жасампаздық идеологиясын насихаттау. Бүгін кезекті жобаның қонағы ретінде жастарды көп тіл білуге, үйренуге үндеу бағытында полиглот Ақерке Орынғалиеваны шақырдық. Ол - Еуропалық түрік тілі сертификаты мен Францияның Delf дипломы иегері. Сондай-ақ ТМД елдерінің үздік студенті атанған. Respublica партиясы мен Біріккен ұлттар ұйымының белсендісі. Бұл тақырыпқа студенттеріміз қызығушылық танытып, кездесуде қызу пікір алмасу болды», - деді «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының жастар бастамаларын қолдау бөлімінің маманы Жұмахан Дәуіржан.

Кеш спикері жастарға тілдерді үйренудің тиімді техникаларын айтып берді.