iKOMEK орталығына жыл басынан бері 1,5 млн-ға жуық өтініш түсті
Астана қаласы әкімдігінің «iKOMEK109» «Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы» ШЖҚ МКК басшысы Асқар Тақсымов орталықтың бүгінгі тынысы туралы брифингте айтты, деп хабарлады Elorda.info.
iKOMEK109 – бүгінде жай ғана бірыңғай байланыс орталығы емес, ол сан алуан қызмет түрін ұсынатын толыққанды қалалық орталық. Орталықта бірнеше департамент жұмыс істейді. iKOMEK орталығы құрылған сәттен бастап 1 800-ден астам сұрақ бойынша қызмет көрсету функциялары кеңейтілді, коммуналдық кәсіпорындардың, медициналық ұйымдар мен әкімдік басқармаларының барлық байланыс орталықтары біріктірілді және қала тұрғындарымен байланысатын бірыңғай торап болып табылады.
iKOMEK орталығы тарапынан 2023 жылдың басынан бері 1,5 млн жуық өтініш қабылданды. Күнделікті орталыққа 7 000-нан 29 000-ға дейін өтініш келіп түседі. Өтініштердің орындалу пайызы 99% құрайды. Күнделікті коммуналдық кәсіпорындар мен әкімдік басқармаларының атқаруында 6 000-ға жуық өтініш болады, - деді орталық басшысы.
iKOMEK орталығына қала аумағында, оның ішінде балабақшаларда, мектептерде, емханалар мен басқа да нысандарда орналасқан 10 000-ға жуық бейнебақылау камерасы қосылған. Камералар негізінен СОО, мешіттер, ірі автобус аялдамалары, вокзал сияқты адамдар көп жиналатын орындарды қамтиды. Барлық анықталған мәселелер бойынша қалалық коммуналдық қызметтер тарапынан жедел пысықталды.
Қауіпсіздікті тиімді үйлестіру мен орталықтандырылған мониторингілеуді қамтамасыз ету үшін «iKOMEK» орталығының өзінде Астана қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері отырады, олармен бірлесіп биыл 12 795 құқық бұзушылық анықталды. Нәтижесінде, әкімшілік құқықбұзушылықтардың толтырылған хаттамалары бойынша бюджетке 37 087 500 теңге айыппұл аударылды. Жыл басынан бері 14 қылмыстың ашылуына ықпал етілді.
iKomek109 қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы аясында Қала қызметтері департаментіне тұрғындар коммуналдық қызметтерге қатысты өтініштерді тіркеу және консультация алу үшін жүгіне алады.
Президент Қазақстан халқына 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында цифрландыру ел дамуында маңызды рөл атқаратынын атап өтті және осыған байланысты жобаларды цифрландырудың артықшылықтары өте көп. Деректерді орталықтандырылған сақтау, яғни, жобалар туралы ақпаратты жинау мен сақтауға арналған бірыңғай платформаның пайдасы зор. Жобалар прогресін мониторингілеу әрбір жобаның ағымдағы күйін қадағалап, ықтималды кідірістерге немесе түйткілдерге уақытылы ден қоюға мүмкіндік береді. Жоспарлау мен үйлестіруді жақсарту, ашықтық және есеп беру, нақты әрі уақытылы есептер алу мүмкіндігі пайда болады, - дейді А. Тақсымов.