00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Хорватия елшісі астаналық полицейлерге алғыс айтты

Хорватия елшісі астаналық полицейлерге алғыс айтты
фото: Оңалхан Өнерхан

Хорватияның Қазақстандағы елшісі Рефик Шабанович астаналық полицейлерге алғыс айтты, деп хабарлады Elorda.info polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Елордалық полицейлер шетелдік азаматқа жоғалған ақшасын қайтаруға көмектескен. 

6 тамызда полицияға Хорватияның Қазақстандағы елшісі Рефик Шабанович жүгінді. Елорданың көпқабатты үйлерінің бірінде тұратын ол шетелдік валюталық қаражат салынған әмиянының жоғалғанын айтып, көмек сұрады.

Көрсетілген мекенжайға жеткен тәртіп сақшылары шетелдік азаматтың түнгі уақытта көлігін тұраққа қойып, одан екі сөмкемен шыққанын анықтады. Сол сәтте ер адам әмиянын қолтығының астында ұстаған. Алайда оның жолда түсіп қалғанын байқамаған. Затының жоғалғанын таңертең байқап, паркингке түсіп, өз бетінше іздеп көрген. Әмиянды тапқанда оның ішінде ақша болмаған, - делінген полицейлердің ақпаратында. 

Бейнебақылау камераларын қарап шыққаннан кейін полицейлер елшінің жоғалған затын оның 52 жастағы көршісі тапқанын анықтады. Әмияннан ақшаны алып, ол үйіне қарай бет алған. Пәтерінің алдында тәртіп сақшыларын көрген ер адам қаражатты бірден берген. 

Тұрғынның айтуынша, түнде ақшаны тауып алғаннан кейін оны полицияға таңертең тапсырмақ болған. 

Полицейлер жақсы жұмыс істеді. Мен бұл ақшаны демалысыма жинаған болатынмын. Атқарған жұмыстарыңыз үшін рақмет, – деді Рефик Шабанович.