Халық қатысатын бюджет: Нұра ауданында тұрғындар 11 жобаны таңдады
26 сәуір, 2024
Елорда ақпарат
фото: gov.kz
Астана қаласының Нұра ауданында аулаларды күрделі жөндеу бойынша жобалық ұсыныстарға дауыс қабылдау аяқталды. Абаттандырудың үздік жобаларын анықтауға 2 мыңнан астам адам қатысты, деп хабарлады Elorda.info.
Аудандық әкімдіктің хабарлауынша, тұрғындар барлығы 23 ұсыныс жіберген. Дауыс беру кезеңіне урбанистер мен белсенді тұрғындар 11 жобаны құптады. Олардың ішінде аулаларды күрделі жөндеу, орамішілік жолдарды асфальттау және қайта жоспарлау, жарықтандыру тіректерін орнату және аумақты көгалдандыру бойынша жобалар бар.
Келесі кезең - дауыс беруді қорытындылау. Ол 1 мамырға дейін жалғасады.
Жеңімпаз жобаларды іске асыру 15 қыркүйекке дейін жүзеге асырылады.
Ұқсас жаңалықтар
11 қыркүйек, 2024
«Қазақстан»: көк ту ұстап, ұрандаған жанкүйерлер шетелдік қонақтарды тәнті етті
11 қыркүйек, 2024
«Таза Қазақстан»: Елордада V дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қатысушылары ағаш отырғызды
11 қыркүйек, 2024
Елордалық полицейлер дүкеннен қомақты ақша ұрлаған күдіктіні ұстады
11 қыркүйек, 2024
«Тарих таңдаған Астана»: Елордада теміржол вокзалында фотоқұжаттық көрме өтіп жатыр