Халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық Антальядан табылды

14 қараша, 2024
Салтанат Мұратқызы Салтанат Мұратқызы
views390
Халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық Антальядан табылды
Фото: https://t.me/GenPr

Психотроптық заттардың аналогтарын сату мақсатында сақтаған күдікті Түркиядан экстрадицияланды, деп хабарлады Elordainfo.kz ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.

Бас прокуратура мен ҚР ІІМ Интерполының қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Түркия Республикасынан аса ірi мөлшерде психотроптық заттардың аналогтарын сату мақсатында заңсыз сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Қазақстан азаматын экстрадициялады.

«Астанада 2022 жылдың желтоқсанында полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында одан 17 қапшықта аса ірі көлемде меткатинон тәркіледі», - делінген хабарламада.

Қылмыс жасағаннан кейін күдіктінің жасырынуына байланысты ол халықаралық іздеуге жарияланды.

Ағымдағы жылғы қазанда күдікті Анталья қаласында ұсталып, кейін Қазақстан Республикасына экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.