«Евразия» СК автобустың қатысуымен болған жол апатында зардап шеккен қыздың отбасына 19,6 млн теңге төледі


Сақтандыру компаниясы Астанада орын алған жол-көлік оқиғасында зардап шеккен баланың отбасына тасымалдаушының жолаушылар алдындағы жауапкершілігін міндетті сақтандыру аясында 19,66 миллион теңге көлемінде сақтандыру төлемін жүзеге асырды. Автопарктің жауапкершілігі «Евразия» СК-мен сақтандырылған, деп хабарлады Elordainfo.kz компанияның баспасөз қыметіне сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен балаға ұзақ мерзімді емдеу мен оңалту, кейіннен протездеу қажет болатынын ескере отырып, сондай-ақ ілеспе шығындарды жедел өтеу мақсатында, Сақтандыру компаниясы заңнамада белгіленген қажетті құжаттар топтамасын, соның ішінде мүгедектік туралы анықтаманы алғанға дейін, сақтандыру төлемін толық көлемде жүзеге асыру туралы шешім қабылдады.
Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы заңға сәйкес, жол-көлік оқиғасы нәтижесінде балаға мүгедектік берілген жағдайда, сақтандыру төлемінің мөлшері 5 000 АЕК құрайды, бұл 19 660 000 теңгеге тең.
Қазақстанда мүгедектік туралы анықтама алу үшін медициналық-әлеуметтік сараптамадан (МӘС) өту қажет, бұл айтарлықтай уақытты қажет етеді. Барлық қажетті растайтын құжаттар түсуіне қарай төлем ісіне қоса тіркелетін болады.
Жол-көлік оқиғасынан кейін «Евразия» СК зардап шеккен жолаушылар мен олардың өкілдері үшін жедел желі ұйымдастырды. Тілек білдірушілер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтандыру төлемдерін алу тәртібі туралы кеңестер мен толық кеңестер ала алады.