00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Есіл ауданының күміс еріктілері игі іс жасады

17 қараша, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Есіл ауданының күміс еріктілері игі іс жасады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Бүгін Есіл ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының күміс еріктілері «Шарапат»әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болды, деп хабарлады Elorda.info. 

Күміс еріктілер орталықта әлеуметтік қызмет алатын қарияларға өз қолдарымен тоқыған жылы шұлықтарын табыстады.Есіл ауданы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының жаппай іс-шараларды ұйымдастырушысы Ләззат Утегулованың сөзінше, күміс еріктілер әрқашанда қоғамдық жұмыстарға белсенділік танытады.

 

Біздің орталықта 30-ға жуық күміс ерікті бар. Бүгінгі жиналған еріктілер орталығымызда өтетін тоқыма үйірмесіне қатысады. Осы топтың қолдауымен игі іс жасауға келдік. Еріктілер үйірме барысында өздерінің қолдарынан жылы шұлық тоқыды. Бұдан бөлек, белсенді еріктілеріміз мектеп оқушыларына ұлттық құндылықты дәріптеп келеді. Сонымен қатар мереке күндері концерт ұйымдастыруға қатысады. Жалпы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы 2021 жылдың қарашасында зейнеткерлік жастағы адамдарды белсенді мәдени, шығармашылық, спорттық және іскерлік өмірге әлеуметтендіру мақсатында құрылған. Орталықтың қызметі егде жастағы азаматтардың бос уақытын және мәдени бос уақытын ұйымдастыруға бағытталған. Соның ішінде бірқатар спорттық-сауықтыру бағдарламалары, бос уақытты өткізу, қауіпсіздік мәселелері бойынша лекциялар, егде жастағы азаматтардың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыру бойныша  жұмыс жүргізіледі,- дейді Ләззат Утегулова.

Айта кетейік, «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы 1989 жылдан бастап әлеуметтік қызмет көрсетеді. Мекемеде толық немесе жартылай қозғалу және өзіне қызмет көрсету қабілетінен айырылғандардың тұрақты және уақытша тұруы үшін 400 орын бар. Орталық стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді, және күндізгі бөлімше жұмыс жасайды.