00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ертең Халықаралық волонтерлер күні

19 маусым, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ертең Халықаралық волонтерлер күні
Фото: ашық дереккөз

Ертең, маусым айының 20-21 күндері ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен Халықаралық волонтерлер форумы өтеді, Elorda.info. 

Қатысуға белсенді волонтерлерді, волонтерлік жобалардың үйлестірушілері, волонтерлік ұйымдардың, бастамашыл топтардың (18 жастан бастап) басшылары шақырылады.

Форум ұйымдастырушылары: ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, республикалық волонтерлер фронт-офисі, «Ұлттық волонтерлер желісі» ЗТБ.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мәліметінше, Бүгінде Халықаралық волонтерлер форумы - волонтерлер мен волонтерлік ұйымдар үшін ірі халықаралық іс-шаралардың біріне айналған. Онда 30-дан астам шет елдерден, сондай-ақ Қазақстан өңірлерінен бірқатар делегаттар қатысады.

Форумның негізгі мақсаты: Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Волонтерлерді жұмылдырудың халықаралық жылын өткізу жөніндегі БҰҰ сессиясында айтылған бастамасын ілгерілету.