00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ерлан Қарин елордадағы Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды

Ерлан Қарин елордадағы Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды
Фото: akorda.kz

ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Жеңіс күніне орай Астанадағы Рақымжан Қошқарбаев ескерткішіне гүл шоғын қойып, тағзым етті, деп хабарлады Elorda.info.

Іс-шараға Парламент Мәжілісінің депутаттары, сондай-ақ азаматтық қоғам және белсенді жастар өкілдері қатысты.

Шараға қатысушылар соғыста жеңіс үшін күрескен жауынгерлердің ерен ерлігін бір минуттық үнсіздікпен еске алып, қазақстандық майдангерлерге құрмет көрсетті.