Енді астаналықтар ыстық суды тұтыну бойынша мәліметтерді қайда жолдауы тиіс


Бұған дейін елорда тұрғындары ыстық су есептегіштерінің мәліметтерін «Астанаэнергосбыт» ЖШС-не жолдаған болатын. Шілде айынан бастап тұтынған ыстық су көрсеткіштерін «Астана-Теплотранзит» акционерлік қоғамына жіберу қажет, деп хабарлайды Elordainfo.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жеке тұлғалар ыстық суды қолдану көлемін есептейтін құралдардың көрсеткіштерін айдың 15-інен бастап соңғы күнін қоса алғандағы мерзімде жолдауы керек.
Көрсеткіштерді WhatsApp-тағы +77080918888 нөміріне тез әрі ыңғайлы жіберуге болады. Ол үшін мына ақпаратты жазу керек:
1. Түбіртекте көрсетілген ЕРЦ дербес шотының нөмірі;
2. Мекенжай;
3. Фотосуретімен қоса ыстық су есептегішінің ағымдағы көрсеткіші.
Сондай-ақ көрсеткіштерді 91-88-88 телефон нөмірі бойынша көпарналы байланыс орталығына хабарлауға болады («Астанаэнергосбыт» ЖШС-нің бұрын қолданылған нөмірі сақталған). Байланыс орталығы ақпаратты жұмыс күндері сағат 8:00-ден 19:00-ге дейін, сенбі күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды. Жексенбі - демалыс күні. Байланыс орталығының мәзірінде көрсеткіштерді дауыспен жолдау функциясы бар, бұл операторды күтуді талап етпейді.
Сонымен қатар тұтынушылар ыстық суды есептеу құралдарының көрсеткіштерін компанияға pokazaniyaFL@a-tranzit.kz электрондық поштасы арқылы да жолдай алады. Хатта:
1. Түбіртекте көрсетілген ЕРЦ дербес шотының нөмірі;
2. Мекенжай;
3. Фотосуретімен қоса ыстық су есептегішінің ағымдағы көрсеткіші болуы керек.



