Елорданың коммуналдық қызметтері қаланы мұздан тазартып жатыр

13 қазан, 2024
Сабина Кәкімжан Сабина Кәкімжан
views507
Елорданың коммуналдық қызметтері қаланы мұздан тазартып жатыр
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астанада қар жауып, коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz қала Астана қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.

Ауа райының қолайсыздығына, температураның өзгеруіне және қатты жауын-шашынға байланысты көшеде көктайғақ пайда болады. Елорда тұрғындарының ыңғайлы жүріп-тұруы үшін жолдарға, тротуарлар мен көшелерге техникалық тұз және басқа да реагенттер себіледі.

Елорданың бес ауданының аумағында мұздан тазартуды 600-ге жуық арнайы техника мен 2000 жол жұмысшысы орындайды. Коммуналдық қызмет толықтай дайын және қала аумағын жедел жинау үшін қажетті жабдықтармен және материалдармен қамтамасыз етілген. Бірінші кезекте орталық көшелер, жолаушылар көлігі жиі қатынайтын көшелер, аялдамалар және тротуарлар тазаланады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары көктайғақ кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтап, абай болуы керек.

Айта кетейік, Қазгидромет мәліметінше, 13 қазанда түнде және таңертең 15-20 м/с екпінмен қарлы боран соғып, көктайғақ болады және солтүстік-шығыстан жел күтіледі.