Бас қаланың басты су артериясы бойында ауқымды тазалау жұмыстары жүргізілді
Астанада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акциясы жалғасып жатыр, деп хабарлады Elorda.info Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Оған студенттер, экобелсенділер, еріктілер, кәсіпорындар мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері белсенді қатысуда.
Экоакцияға қатысушылар күрек, тырма және сөмкелерді алып, жағалау бойымен жүріп, қоқыс, яғни бөтелкелер, темекі тұқылдары, сөмкелер және басқа да қоқыстарды жинады.
Есіл өзенінің жағасынан 300 тоннадан астам қоқыс шығарылды, бұл ауыр жүк көліктерінің 80-нен астам рейсіне тең.
Біз «Таза Қазақстан» республикалық экоакциясына қатысамыз. Осы аптада «Мөлдір бұлақ» атты акция өтті. Сенбілік аясында Есіл өзенінің маңын қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілуде. Экоакцияға қала тұрғындары, экобелсенділер, мердігерлік және коммуналдық ұйымдардың қызметкерлері белсенді қатысты. Іс-шара қаламызды таза және тәртіпте ұстау үшін өткізіледі, - деді Алматы ауданы әкімі аппаратының бас маманы Нұрберген Нұрмұхамбет.
«Мөлдір бұлақ» апталығы аясында өзендер мен көлдердің айналасын, қаланың су арналарының жағалауларын қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілуде.
Ауқымды экоакция аясында қаланы санитарлық тазарту, нөсер және арық канализациясы, көшелерді, тротуарларды, орамішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау жұмыстары жасалды.
Сондай-ақ жасыл желектерді күтіп-ұстау және отырғызу, сауда нысандарына іргелес аумақтарды жинау, көгалдар мен гүлзарлар орнату, рұқсат етілмеген полигондарды жою және т. б. жұмыстар атқарылып жатыр.