Елордалықтар су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жіберді
Мемлекет басшысы халыққа арнаған үндеуінде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын іске асыруды үнемі айтып келеді. Мақсаты мемлекеттік шешімдерді халықтың тікелей араласуымен шешуді жолға қою. Acтaнaдaғы iKomek109 ортaлығы тұрғындардан түскен түрлі арыз-шағым мен сұрақтардың шешімінің тaбылуына көметесетін жүйе. Биыл жыл бacынaн бері ортaлыққa 800 мыңнaн acтaм өтініш келіп түcкен. Олaрдың 80 пaйызы бірден шешілген. Жалпы, орталыққа қaндaй мәcелелер бойыншa хaбaрлacуғa болaды? Әр өтініш қaншa уaқыттa шешіліп, aзaмaттарғa жaуaп беріледі? Бұл cұрaқтaрғa iKOMEK109 бірыңғaй бaйлaныc ортaлығының бacшыcы Acқaр Тaқcымов жaуaп берді.
Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Василий Левит әріптестеріне қазіргі қиын жағдайда көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді.
Еліміздің бірнеше өңірінде су тасқыны болып жатыр, қазақстандық еріктілер қиын сәтте ешқашан шетте қалмады. Біздің көптеген отандастарымыз су тасқынынан зардап шеккендерге көмектеседі. Астана спортшылары әрқашан көмек қолын созады. Елорданың Дене шынықтыру және спорт басқармасы қызметкерлері мен ведомстволық бағынысты мекемелер қызметкерлерінің қатысуымен Қостанай облысына гуманитарлық көмек жіберіліп жатыр, – деді Василий Левит.
Сондай-ақ, астаналық спортшылар Илья Ильин, Василий Тахтай, Сергей Цырульников, Абзал Ажгалиев, Мерей Ақшалов, Айтым Жақыпов және каратэ федерациясының, гимнастика федерациясының өкілдері су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсетуде.
Гуманитарлық көмек жинау әлі де жалғасып жатыр. Бұған дейін AMANAT партиясының Астана қалалық филиалының күшімен «Жастар рухы» жастар қанатымен, «Астана жастары» ЖРО еріктілерімен бірлесіп, қала әкімдігінің, қалалық мәслихат депутаттарының, қоғам қайраткерлерінің, үкіметтік емес ұйымдардың, шағын, орта және ірі бизнес иелерінің қолдауымен гуманитарлық көмек жиналып, өңірлерге жолданды.
Сонымен қатар, елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясы Достық үйінің базасында су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің тұрғындары үшін гуманитарлық көмек жинау бойынша әлеуметтік акция ұйымдастырды. Көмек Ақмола және Қарағанды облыстарының тұрғындарына жеткізілді. Зардап шеккендерге киім, тамақ, гигиена құралдары, төсек-орын, ыдыс-аяқ және дәрі-дәрмектер жиналды.
Естеріңізге сала кетейік, елордада гуманитарлық көмекті қабылдайтын 9 пункт жұмыс істейді, жиынға 30-ға жуық еріктілер ұйымы қатысады.
Күн сайын 200-ден астам ерікті қажетті заттарды сұрыптап жібереді. Жиналған көмектің ішінде киім, азық-түлік, гигиена құралдары мен аяқ киім басты қажетті заттар.
Еріктілер қаржылық көмекті қабылдамайды. Ниет білдірушілер жинау орындарына қажетті заттарды жинап, әкеле алады.