00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астаналықтар Олимпиаданың ашылуын ашық аспан астында тамашалай алады

Астаналықтар Олимпиаданың ашылуын ашық аспан астында тамашалай алады
Фото: olympic.kz

Астана тұрғындары бүгін сағат 21:00-де Орталық саябақтағы «Қазақстан күні» монументі (сағат) жанында Астана әкімдігі мен Jіbek Joly телеарнасының ұйымдастыруымен XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының ашылуын тікелей эфирде тамашалай алады, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық құраманы қолдау іс-шарасында Ұлықпан Жолдасов, Зарина Омарова, Ақтоты Болшова және басқа да эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді. Сондай-ақ, танымал спортшы Айтым Жақыпов концерт көрермендері арасында ойын-сауық, спорттық батлдар өткізеді.

Жеңімпаздарға Jіbek Joly телеарнасының сыйлықтары табысталады.