00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астаналық өрт сөндірушілер оқу-жаттығу жиынын өткізді

Астаналық өрт сөндірушілер оқу-жаттығу жиынын өткізді
Фото: дереккөз

Астана қаласы ТЖД өрт сөндірушілері «ҚР Ұлттық музейі» ғимаратында өрт-тактикалық оқу-жаттығуын өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Оқу-жаттығу барысында ауданы 200 шаршы метр шартты өрт жойылды. 200-ге жуық келушілер мен қызметкерлер эвакуацияланды және екі адам құтқарылды.

Мұндай жаттығулардың мақсаты – адамдар жаппай келетін орындарда өрт сөндіру әдіс-тәсілдерін қолдану, жеке құрамның біліктілігін тексеру, ғимарат пен өрт сөндіру жетекшілерінің міндеттемелерін айқындау.

Жаттығуға елордадалық ТЖД жеке құрамының 37 адамы мен 6 техникасы жұмылдырылды.