Елордалық полицейлер қонақ үйден 1 млн теңге ұрлап кеткен азаматты ұстады
27 мамыр, 2024
Торғын Аман
Фото: Оңалхан Өнерхан
Астана қаласы Есіл ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері қонақ үй кассасынан ақша ұрлаған елордалық азаматты қолға түсірді, деп хабарлады Elorda.info.
Астана қаласы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам түнгі уақытта оңай олжа іздеп жүріп, есігі ашық қонақ үйді байқаған. Ол ішке кіргенде күзетші мен әкімшінің ұйықтап жатқанын көріп, кассадан қолма-қол ақша оралған пакетті алып кеткен.
«Ұрланған ақшаның жартысын ол өз керегіне жаратып үлгерген. Аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ер адам қылмысын мойындады. Қазір елорда аумағында жасалған басқа да 2 ұрлық фактісіне қатысы бары анықталды», - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар