Елордалық құтқарушылар мұз үстінде жүрмеуге шақырды
Жаңа жылдық мереке күндері елордада ауа райы -2-ден +1 градусқа дейін жылынып, мұз күрт еруі мүмкін. Соған байланысты құтқарушылар астаналықтарға су айдындарына бармауға кеңес берді, деп хабарлады Elorda.info елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Желтоқсан айының соңына қарай ауа температурасының жоғарылауы мұздың еруіне және мұз қабатының жұқаруына әсер етеді.
Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті елорда акваторияларының мұз бетінде қандай да бір бұқаралық спорттық іс-шаралар, ойындар өткізуден және сырғанақ тебуден бас тартуға кеңес береді.
Естеріңізге саламыз, адамдар жүріп-тұруы үшін мұздың қалыңдығы кемі 10 см, ал бұқаралық спорттық, мерекелік іс-шараларды және автокөлік өткелдерін ұйымдастыру үшін кемінде 25 сантиметр болу керек.