Елордалық құтқарушылар қала тұрғындарына үндеу жасады

13 ақпан, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Елордалық құтқарушылар қала тұрғындарына үндеу жасады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті қауіпсіздік ережесі туралы үндеу жасады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша елордада 13 ақпанда бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с болуы мүмкін.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана қаласы ТЖД қатты жел және бұрқасын кезінде жарақат алмау үшін азаматтарға қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:

- Қыс мезгілінде сақтық шараларын сақтаңыз. Дауылды ескертулерді қадағалау және ауа райы нашарлаған жағдайда алыс жолға шықпау;

- Жеке көлікпен жолға шықпаңыз. Егер қажет болса, қоғамдық көлікті пайдаланыңыз және маршрутыңызды алдын ала жоспарлаңыз;

- Көшеде абай болыңыз. Боран мен жел көруді қиындатуы мүмкін, жолдар тайғақ болады. Жылы киім, тайғақтан қорғайтын аяқ киім киіңіз;

- Жылыту жүйесін тексеріңіз. Үйіңізде жылыту дұрыс жұмыс істейтініне және отын жеткілікті екеніне көз жеткізіңіз;

- Көшеде ұзақ тұрмаңыз – аяз бен жел үсік шалуға себеп болуы мүмкін.

Төтенше жағдайлар кезінде «101» және «112» нөміріне хабарласу керек.