00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордалық полицейлер сенбілік өткізді

6 қаңтар, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордалық полицейлер сенбілік өткізді
Фото: Астана қаласының Полиция департаменті

Бүгін Полиция департаментінің жаңа ғимаратында қызметкерлер ғимарат аумағындағы қарды шығарып, кеңселері мен дәліздерге тазалау жұмыстарын жүргізді, деп хабарлады Elorda.info Астана қаласының Полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Осылайша тәртіп сақшылары қоршаған ортаға ұқыпты және жауапкершілікпен қараудың үлгісін көрсетті.

Жеке құраммен полицияның әкімшілік ғимараттары маңындағы аумақтарды тазалау бойынша ұйымдастырылған жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Полиция қызметкерінің тәртібі мен міндеті айналасының тазалығынан басталуы керек, - деді сенбілікті ұйымдастыруға ықпал еткен полиция департаменті бастығының орынбасары Эльдар Данияров.