00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордалық полицейлер сәйкестік сертификаты жоқ 406 пиротехникалық өнімді тәркіледі

5 қаңтар, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордалық полицейлер сәйкестік сертификаты жоқ 406 пиротехникалық өнімді тәркіледі
фото: Оңалхан Өнерхан

Жаңа жылдық мерекелер кезінде полиция қызметкерлері Төтенше жағдайлар департаменті және әкімдік қызметкерлерімен бірлесе отырып, тұрғындарға азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылған бұйымдарды сақтау, пайдалану және тасымалдау ережелері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлады Elorda.info қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Күн сайын базарлар мен сауда үйлерінің аумақтары тексеріліп, 120 рейд жүргізілді. Нәтижесінде пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сатудың 30 фактісі анықталып, пиротехникалық заттарды сатушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, осы мақсатқа арналмаған орындарда пиротехникалық бұйымдарды пайдалану фактісі бойынша 59 жастағы елорда тұрғынына қатысты ӘҚБтК-нің 436-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Анықталғандай, 31 желтоқсан күні сағат 23.58-де ер адам Байтұрсынов көшесіндегі саябақта отшашуды дұрыс қолданбай, айналадағыларға қауіп төндірген.
Сондай-ақ, Жаңа жыл күні полицейлер пиротехникалық бұйымдарды қолданудан болған 1 өрт оқиғасын тіркеді. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде