00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордалық мектептерде Амал мерекесіне орай іс-шаралар өтіп жатыр

14 наурыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордалық мектептерде Амал мерекесіне орай іс-шаралар өтіп жатыр
Фото: Оңалхан Өнерхан

Амал мерекесіне орай бүгін Астанадағы білім беру ұйымдарында әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы қалалық Білім басқармасы мәлімдеді.

13.00-де №29 орта мектебінде амал мерекесіне орай  «Наурыз-2024» қойылымы өтсе, №90 гимназия-мектебінде «Амал көрісу» іс-шарасы өтеді. Мұндағы мақсат – қазақ  халқының салт-дәстүріндегі амал көрісу  мәдениетінің маңызын көрсету және құндылықтарын дәріптеу. Іс-шарада қазақтың салт-дәстүрлері көрсетіліп, ұлттық ойындар ойнатылып, мерекелік концерт өтеді.  Одан бөлек ақындар айтысы,  «Амал-көрісу» дәстүрі, «Ұлттық ойындар» (асық ату, арқан тартыс) «Әжелер» мектебі ұлттық құндылықтарды насихаттайды және  оқушылар күй тартып, ән шырқайды, - деді Астана қаласы білім басқармасының баспасөз хатшысы Маржан Бақыт.