Елордалық кәсіпкерлерге қатысты 135 заңсыз бұйрық анықталды
24 тамыз, 2023
Елорда ақпарат
Фото: дереккөз
Астана қаласы, Сарыарқа ауданының прокуратурасы мемлекеттік кірістер органдарының салық бұйрықтарын шығаруының заңдылығына талдау жүргізді, деп хабарлады Elorda.info қалалық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Салық кодексінің 128-бабының 1-тармағына сәйкес салық бұйрықтары жеке кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғадан салық берешегін өндіріп алу кезінде шығарылуы мүмкін.
Алайда 2020 жылдан бастап салық органы 135 жеке кәсіпкерлерге қатысты аталған атқарушылық құжаттарды заңсыз шығарған. Прокурорлық қадағалау актісі негізінде салық бұйрықтарының күші жойылып, кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды,-делінген покуратура таратқан ақпаратта.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 12:57
Астаналық жастар тұрғындарды экологиялық акцияға қатысуға шақырды
Бүгін, 12:22
Есірткі өндіретін астыртын зертхана ашқан 3 астаналық бас бостандығына айырылды
Бүгін, 11:47
Елордада танымал әнші Jony-ге көшет сыйлады
Бүгін, 10:35
Татуласу орталықтарында медиатор мен психологтар консультациялар өткізеді