Елордалық еріктілер зейнеткерлердің ауласын қардан тазартты

31 қаңтар, 2025
Сабина Кәкімжан Сабина Кәкімжан
Елордалық еріктілер зейнеткерлердің ауласын қардан тазартты
Фото: Астана қаласы әкімдігі

«Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері кезекті акция өткізіп, зейнеткерлердің қар басқан аулаларын аршып берді, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

«Таза Қазақстан» және «Игі істер марафоны» аясында «Астана жастары» еріктілері астаналық қарттардың аулаларын тазартуды жалғастыруда.

10-ға жуық ерікті Сарыарқа ауданының тұрғынына бірнеше күн тоқтаусыз жауып, жиналған қарды күреуге көмектесті.

Еріктілер қала тұрғындарын бір-біріне көмектесуге, игі істерде жарысуға шақырды.

«Біз жалғызбасты зейнеткерге барып, ауласындағы қарды тазалауға көмектестік. Біздің волонтерлар қарт кісілерге апта сайын қолғабыс етіп тұрады. Осылайша  біз өзгелерге үлгі көрсетіп, игі істерге шақырамыз», - деді «Астана жастары» волонтері Индира Маремова.