00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордалық емханада «Ана жүрегі» акциясы өтті

31 мамыр, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордалық емханада «Ана жүрегі» акциясы өтті
ашық дереккөз

Қалалық №6 емханасы бұл дәстүрлі шараны 10 жылдан бері ұйымдастырып келеді. Акция ерекше балаларды тәрбиелеп отырған аналарға арналды, деп хабарлады Elorda.info.

Халықаралық балалар күні қарсаңында №6 қалалық емхана қызметкерлері бүлдіршіндерге ерекше мереке сыйлады. Ал аналар кезексіз мамандарға қаралып, балаларға оңалту және дамыту бойынша түзету сабақтары ұйымдастырылды. 

Жыл сайын осы концертке қатысамыз. Мамандардан өтуге әдетте кезек көбірек, ал бұл күні кезексіз өтеміз. Балаларымыздың да көңіл-күйі көтеріліп қалады, бізге де бірден барлық салалық дәрігерлерге қаралуға мүмкіндік, - дейді Қаламқас есімді қала тұрғыны.

WhatsApp Image 2023-05-31 at 18.22.58.jpeg

WhatsApp Image 2023-05-31 at 18.22.55.jpeg

Акцияға қатысушылар үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Медициналық тексерістен өту үшін тіркеуде болу міндетті емес. Ерекше күтімді қажет ететін баласы бар аналарға жылына 2 рет осындай шара ұйымдастырамыз. Балаларға терапия бөлімі жұмыс істейді. Аналар амбулаторлық тексерістен өтіп, қажет болған жағдайда қосымша шаралар қабылданады, - деді емхананың бас дәрігері Динара Байсеркина.

WhatsApp Image 2023-05-31 at 18.22.58 (1).jpeg

Айта кетейік, елордалық медициналық ұйымдарда мерекеге орай Ашық есік күні ұйымдастырылып жатыр.