00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордадан үш күнде 71 мың текше метрден астам қар шығарылды

17 сәуір, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордадан үш күнде 71 мың текше метрден астам қар шығарылды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Өткен демалыс күндері Астанада қар әдеттегі қалыптан тыс көп жауды. Айлық норма 22 мм болса, қалада үш күн ішінде 37 мм-ден астам жауын-шашын жауды, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Соңғы үш күнде қаладан 71 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл 5,5 мыңнан астам жүк көлігінің рейсіне тең.

Қаланың коммуналдық қызметтері бірнеше ауысымда тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді. Күн сайын қар күреу жұмысына 2,2 мыңнан астам жол жұмысшысы және мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.

Қала тұрғындарын көктайғақ кезінде қозғалыс ережесін сақтауға, жүргізушілерді жолда мұқият болуға және қауіпсіз ара қашықтықты сақтауға шақырамыз, - делінген хабарламада.