00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанадан өңірлерге 30 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберілді

Астанадан өңірлерге 30 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберілді
Фото: gov.kz

Бұл туралы Ұлттық волонтерлер желісінің өкілдері мәлімдеді. Демалыс күндері су тасқынына қарсы шаралар жүргізіліп жатқан өңірлерге Астанадан 14 гуманитарлық көмек газелі жіберілді, деп хабарлады Elorda.info.

Елорда тұрғындары су тасқынынан зардап шеккендерге киім-кешек, азық-түлік, жеке гигиена құралдары және т.б. жинады. Қазіргі таңда Астанада 9 қойма жұмыс істеп тұр. Іс-шараға 30 волонтерлік ұйым, 200 волонтер қатысты.

Аймақтарға көмек жинау пункттері де қарқынды режимде жұмыс істеуде.

Ақтөбеге 31 наурызда Түркістан облысынан гуманитарлық көмек барды. Ол сол аймақтағы тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға таратылды.

Волонтерлер, қоғамдық белсенділер, мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер, Атырау облысының тұрғындары да шетте қалмады. Үш күн ішінде «Күш бірлікте» акциясы аясында олар Ақтөбе облысының тұрғындары үшін 8 тонна гуманитарлық көмек жинады.