00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада жыл бойы оқушыларға сабақ өтпеген №49 мектептің директоры жұмыстан кетті

30 мамыр, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада жыл бойы оқушыларға сабақ өтпеген №49 мектептің директоры жұмыстан кетті
фото: tv7.kz

Астана қаласының білім басқармасы №49 орта мектептегі жағдайға түсінік берді, деп хабарлады Elorda.info басқарманың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған мектеп директорына қатысты қызметтік тергеу жүргізу үшін басқарманың 26 мамырдағы №1098 бұйрығына сәйкес жұмыс тобы құрылды. 26 мамырда жұмыс тобының қорытындысы бойынша мектеп директорының іс-әрекеті тәртіптік комиссияның отырысында қаралды. Бүгінде №49 орта мектептің директоры білім басқармасының 29 мамырдағы №1113 бұйрығымен жұмыстан шығарылған, - делінген хабарламада.

Желіде тараған ақпаратқа сенсек, мектеп директоры «Абайтану», «Қазақ әдебиетіндегі эссе жазудың құрылымы» және «Жаһандық құзыреттілік» сияқты факультативті сабақтар үшін ақша алып отырған, бірақ сабақты өткізбеген.

Айта кетейік, бұл туралы мектеп оқушылары арнайы видео түсіріп, жариялаған еді.