Елордада желіге 20 жаңа автобус қосылды
31 тамыз, 2023
Елорда ақпарат
фото: Оңалхан Өнерхан
Бағдарлар электронды жол ақысын төлеу және диспетчерлеу жүйесінің жаңа жабдықтарымен қамтылған, деп хабарлады Elorda.info.
Олар №3, 32, 15, 54, 56 және 61 бағдарларына қосымша қосылды.
Жүйені толық қосқанға дейін жол ақысын төлеу қолданыстағы тәсілдермен жүзеге асырылады: QR-код және «Transcard» көлік картасы арқылы. Аталған тәсілдермен қатар, кейін екінші деңгейдегі банктердің банктік картасымен, NFC технологиясы арқылы және Bluetooth арнасы арқылы төлеу мүмкіндігі пайда болды, - делінген CTS компаниясының хабарламасында.
Жаңа жүйеге толық көшу 2023 жылдың соңына дейін аяқталады.
Ұқсас жаңалықтар