Елордада жаз айларында 4200 жасөспірім мен жастар жұмыспен қамтылды
Астана қаласының коммуникациялар қызметінде жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру туралы«Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ басшысының міндетін атқарушы Бағдат Атымтай брифинг өткізді, деп хабарлады Elorda.info
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы жастардың экологиялық шараларға қатысуына әрдайым мән беруде. Жасөспірімдер мен жастар арасында қоршаған ортаны қорғау, оны аялау сезімдерін ұялату, сонымен қатар, жастарды еңбекке баулу мақсатында Басқармамен «Жасыл ел» бағдарламасы іске асырылады. Биыл бұл жобаның он тоғызыншы маусымы өтті. Осы ретте Басқармамен жүйелі жұмыс жолға қойылған.
Сарбаздар елорданың құрылыс нысанында әр түрлі санаттағы шеберлердің көмекшісі қызметтерін, қала маңындағы «жасыл белдеуде» ағаш отырғызу, талдар мен көшеттерді қопсыту және суару (сүйелді қайың, ұсақ жапырақты шегіршін, кәдімгі қарағай, көде, боз жиде, терек), ағаштар мен көшеттерге күтім жасау жұмыстарыyна атасалысты. Олар табиғат пен қала келбеті үндестік тапқан бірегей экожүйенің қалыптасуына және қала саябақтарының жасыл желегінің күтімімен айналысып, тазалық жұмыстарын жыл сайын жүргізуде.
Биыл жаз айларында 4200 жасөспірім мен жастар жұмыспен қамтылған. Олардың қатарында көпбалалы отбасыларының, әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балалары, сонымен қатар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар да бар.
Еріктілер тұрақты негізде сенбіліктерге, қар тазалау науқандарына, ағаш отырғызуға, өзен жағаларын тазалау акцияларына қатысады.
Ағымдағы жылдың 29 сәуірінде «Жасыл Астана» экологиялық айлығы аясында жалпықалалық сенбілік өтті. Сенбілікке Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының, Құрылыс-техникалық колледжінің студенттері және «Астана жастары» жастар-ресурстық орталығының еріктілері белсенді қатысқан.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 7 мамырында «Астана жастары» ЖРО еріктілері «Астана қаласындағы Есіл өзені мен Ақбұлақ өзенін Биологиялық ремедиациялау (оңалту)» жобасына атсалысты.
Конституция күніне орай және «World Cleanup Day» акциясы аясында, сонымен қатар, Линейный саябағында Президентпен бірге ағаш отырғызу шараларына 1925 адам жұмылдырылды.
Жыл басынан бері Астана қаласында сенбіліктер, экологиялық акцияларға мектеп, колледж, жоғары оқу орындары тартылды. Барлығы 4000 жас қамтылды.
«Қамқорлық мекен-жайлары» жобасы аясында 40 жалғызбасты зейнеткерлердің жеке ауласын тазалауға көмек көрсетілді, сондай-ақ жыл басынан кәсіпорындар мен волонтерлік ұйымдары қар тазалау бойынша 20 акция ұйымдастырды. Қар тазалау бойынша жаппай акцияларды ұйымдастыру үшін 2000-нан астам волонтерлер мен кәсіпорын қызметкерлері тартылыпты.
«Kieli Tabigat» республикалық акциясы аясында «Бозоқ» қалашығының аумағы қоқыстан тазартылған.
Экологиялық акцияның мақсаты сакралды аймақтарды тазалау, қалпына келтіру, сақтау және экологиялық мәдениетті арттыру болып табылады. Акция Қазақстанның әрбір аймағында Жастар ресурстық орталықтарының ұйымдастыруымен өткізілді. «Taza Alem» жобасы аясында қаланың шеткі аймақтары да қамтылды. Мысалы, Агроқалашық, Казқалашық, Үркер шағын аудандарында, Көктал саябағында өтті,- деді спикер.
Барлығы жаз уақытында 28 сенбілік өткізіліп, 40 қысқы қар тазалау жұмыстарын жүргізу көзделген. Сонымен қатар, Қала күні, Жастар күні, Республика күндеріне орай, «Астана - таза қала», «Жасыл Астана» сияқты акцияларға 2000 жуық адам тартылыпты.