Елордада жаңа автобус бағдары іске қосылады
Ертең, 4 қарашадан бастап жаңа автобустарды жеткізу аясында «Үркер» тұрғын алабы – «Нұрлы жол» теміржол вокзалы қатынасымен жаңа №66 бағыт іске қосылады, деп хабарлады Elorda.info.
Бағыт Тәуелсіздік даңғылындағы жаңа көпір арқылы жүреді. Осылайша елорданың оң жағалауы мен сол жағалауы арасындағы көлік қатынасын жақсартады.
«Үркер» ТА мен «Нұрлы жол» теміржол вокзалы арасындағы көліктік байланысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, Ж.Нәжімеденов, Керей, Жәнібек хандар, Қ.Мұхамедханов көшелерінде орналасқан тұрғын үй кешендеріне көліктік қызмет көрсетуді, сондай-ақ «Үркер» тұрғын алабы ішіндегі қоғамдық көлікпен қамтуды арттырады, - делінген Сity Transportation Systems хабарламасында.
Айта кету керек, №66 бағдар қолданыстағы №14, 35, 36, 45, 50, 56 бағдарларының жүктемесін азайтады.