00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада қыздар арасында ат спортынан ашық біріншілік өтеді

29 ақпан, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада қыздар арасында ат спортынан ашық біріншілік өтеді
фото: gov.kz

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген бұрымдылар 8 наурыз күні «Арғымақ» ат-сауықтыру спорт кешенінде кіл мықтыларды анықтайды.

Олар сайыстың 6 бағдары бойынша сынға түседі.

№1 маршрут «Ашық класс санаты»;
№2 маршрут «Жастар санаты»;
№3 маршрут «Әуесқойлар санаты»;
№4 маршрут «4 жасар жас жылқылар санаты»;
№5 маршрут «5 жасар жас жылқылар санаты»;
№6 маршрут «6 жасар жас жылқылар санаты».

Жарыстың жалпы жүлде қоры – 6 млн теңге.

Іс-шара Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен және Астана қаласының Ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлері федерациясының ұйымдастыруымен өтеді.