00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордадағы «Жанұя» орталығы 91 тұрғынға психологиялық көмек көрсетті

18 сәуір, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордадағы «Жанұя» орталығы 91 тұрғынға психологиялық көмек көрсетті
Фото: ашық дереккөз

Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығына жыл басынан бері заңгерлік кеңес алу үшін 142 азамат жүгінген, деп хабарлады Elorda.info тілшісі.

Бұл туралы Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте орталық директоры Бахтияр Айтпаев мәлім етті.

Отбасыларды әлеуметтік сүйемелдеу бөлімдері орталыққа жүгінген азаматтарға мемлекет тарапынан белгіленген әлеуметтік қолдау шаралары туралы кеңес береді, өмірлік қиын жағдайдағы отбасыларды аралап, тұрмыстық жағдайымен танысып, шешілмей жатқан мәселелерін жазып алады, тұрмыстық жағдайларын жақсартуға атсалысады, өмірлік қиын жағдайдан шығуға көмек көрсетеді. Бөлімдер өмірлік қиын жағдайдағы отбасылар, көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар, аз қамтылған, жағдайы төмен отбасылар, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, мүгедектігі бар адамдармен жұмыс істейді, - деді ол.

бриф.jpg

Спикердің айтуынша, 2022 және 2023 жылғы 1-тоқсан қорытындысы бойынша бөлім мамандары 273 отбасыны тұрғылықты мекен жайы бойынша аралап, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайымен танысып, шешілмей жүрген әлеуметтік мәселелерін жазып алды. Азаматтардың өзекті мәселелері: атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (бұдан әрі - АӘК), тұрғын үймен қамтамасыз ету, білім беру бойынша, денсаулық сақтау, тұрмыстық жағдайын жақсарту және т.б. Бір отбасында бірнеше мәселе қарастырылатын жағдайлар жиі кездеседі. Жалпы, әлеуметтік қорғау бойынша – 202, тұрғын үй мәселелері – 66, денсаулық сақтау мәселелері бойынша – 29, білім беру мәселелері бойынша 45 сұрақ түскен.

Бөлім мамандары балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға кезекке қоюға – 40, мектепке дейінгі мекемелерге жолдама алуға – 13,  мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін кезекке қоюға өтінімді ресімдеуде – 24, толық медициналық тексеруден өтуге – 7 рет көмек көрсетті. 

Биыл өтініштерді талдау бойынша орталық психологиялық көмекке жүгінген 91 елорда тұрғынына көмек көрсетілді. Жыл басынан бері орталыққа заңгерлік кеңес алу үшін 142 азамат жүгінген, - деді Бахтияр Айтпаев.

Сондай-ақ орталық директоры қоғамдық және қайырымдылық қорларымен, сондай-ақ жеке тұлғалармен бірлесіп, 326 отбасына азық-түлік себеттері мен тұрмыстық химия жиынтықтары таратылғанын айтты.

50 отбасыға – маусымдық киім сатып алуға сертификаттар берілді.  Орталықтың 2 жылдығын мерекелеуге арналған «Жанұя жылуы» қайырымдылық іс-шарасы аясында көпбалалы отбасылардан шыққан балалар арасында «Менің сүйікті отбасым» тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылды, оған 6-8 жас аралығындағы 17 бала қатысты. Байқаудың демеушісі «Stable construction» құрылыс компаниясы байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздарға кеңсе тауарларын сатып алуға жалпы сомасы – 180 000 теңгені құрайтын 10 сертификат табыстады. Отбасы күніне орай, «Happylon» және «Mini City» балалар ойын-сауық орталықтарына баруға 70 сертификат берілді. 20 отбасы «Қанаттылар» инклюзивті театрының ашылу салтанатына шақырту алды. 80 бала Роза Бағланова атындағы Қазақконцерт ғимаратына экскурсияға, сондай-ақ «Жазғы кино» жобасы аясында кинотеатрға баруға шақыру билеттерін алды, - деді ол.