Елордадағы мектептерде психолог мамандар жетіспейді – Сенғазыев
Бұл туралы бүгін «Елорданың білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру» тақырыбында Астана қаласының коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Астана қаласында психолог мамандардың жетіспеушілігі бар. Бірақ қазір біз мектеп басшыларына психологтарды өздеріне тиісті емес жұмыстармен жүктемеу керек деген талап қойдық. Қазір психологтар тек қана балаларға көмек көрсету және балалардың ахуалын зерттеу жұмыстарымен айналысады. 3 ауысымдық шамадан тыс оқып жатқан мектептерде 3-4 психолог маман бар. 1 психолог маманға шамамен 700-800 баладан келеді. Қалыпты жағдайда жұмыс істеп жатқан мектептерде 2 психолог маман жұмыс істейді. Бұдан бөлек сынып жетекшілеріне әдістемелік көмек көрсетіледі, - деді елорданың бас ұстазы.