00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада «Тоқта, вандал» акциясы жалғасып жатыр

12 тамыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада «Тоқта, вандал» акциясы жалғасып жатыр
Фото: Сұлтан Сейіт

Аталған акция аясында Астана қаласындағы қоғамдық орындарда түнгі рейд өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Шара барысында жастар мен қала тұрғындары арасында түсіндірме әңгіме жүргізілді.

Акция қала меншігіне нұқсан келтірмеуге және тәртіпті сақтауға бағытталған. Рейдке қалалық Полиция департаментінің, қоғамдық ұйымдардың, этно-мәдени бірлестіктердің қызметкерлері мен еріктілер қатысты.

cf5b4dcd-57ad-4b91-9376-e8dc8a2f2ebf.jpg

Ұйымдастырушылардың айтуынша, осындай бірлескен күш-жігермен бұзақылық фактілерінің алдын алу, қолдағы бар әдістермен қала тұрғындарына, әсіресе, жастарға қала мен қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарау керектігін түсіндіру қажет. 

Акцияны ұйымдастырушылардың бірі, қоғамдық қозғалыс жетекшісі Айтим Жакупов өздері қала жастарын бұзақылықтан гөрі бос уақыттарын салауатты өмір салтын насихаттауға шақырып жүргендерін айтады.

Біз кейінгі кезде жастарды түрлі спорттық ұйымдар мен үйірмелерге шақырып жүреміз. Ондағы мақсатымыз – Президентіміз айтқан, халық арасындағы бұқаралық спортты дамыту болса, екіншіден, жастардың бос уақыттарын пайдалы істерге жұмсауға баулу. Сол арқылы қала көшелеріндегі түрлі ірілі-ұсақты заң бұзушылықтардың алдын алуға септігімізді тигізу. Бұндай шаралар қала тұрғындарының жайлы, қауіпсіз өмір сүруіне де айтарлықтай үлес қосады. Бүгін де сол мақсатпен осы шараға атсалысып жатырмыз,-дейді қоғам белсендісі А.Жакупов. 

Акцияға қатысқан құқық қорғау органдарының қызметкерлері де осындай шаралардың арқасында қала көшелерінде қоғамдық тәртіп бұзушылықтың үлесі біршама азайып келе жатқанын айтып отыр. 

Жыл басынан бері ӘҚБтК 147 бабы 1-пункті (бөтеннің мүлкіне залал келтіру) бойынша 35 құқық бұзушылық туралы іс тіркелді. Сондай-ақ ұсақ тәртіп бұзушылық дерегі бойынша 678 дерек анықталды. Олардың барлығы заң жүзінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кейінгі уақытта осындай акциялармен қатар тұрғындардың да жанашырлығының арқасында қоғамдық тәртіп бұзушылық азайып келеді. Атап айтқанда, көпқабатты үйлердегі жеделсатылар мен шлагбаумдарды сындыру сияқты бұзақылық қылықтар жиі орын алып жатады. Осындай жағдайда біздерді еріктілер мен қоғам белсенділері, жанашыр қала тұрғындары түрлі интернет ресурстары оның ішінде әлеуметтік желілер арқылы хабардар етіп жатады. Сол үшін ол азаматтарға алғыс айтқым келеді. Негізінде кез келген тәртіп бұзушылық санының азаюына ең бірінші кезекте алдын алу мен түсіндіру жұмыстары ерекше әсер етеді. Сондықтан, бүгінгі өтіп жатқан шараның маңызы зор, - дейді Астана қаласы ПД жергілікті полиция басқармасының бастығы Арман Аймағанбетов. 

Аталған шараға Ауған соғысы ардагерлері Астана қалалық филиалының өкілдерімен қатар бірнеше қоғамдық ұйымдардан азаматтар қатысты. Олар өз кезегінде қоғамдық демалыс орындарда жүрген жастармен кездесіп, өз ақыл-кеңестерін айтты. 

Айта кетейік, вандалдық әрекеттердің алдын алуға арналған шара 2 тамызда басталған болатын.

Оқи отырыңыз: Елордада «Тоқта, вандал» акциясы өтті

Ұйымдастырушылардың сөзінше, акция жыл соңына дейін жалғасады.   

Нұрболат АДЫРБЕК