Елордада өткен сенбіліктерде 4000-ға жуық ағаш отырғызылды
7 қазан, 2023
Елорда ақпарат
коллаж Elorda.info
Астанада «Жасыл Астана» экологиялық айлығы аясында кезекті коммуналдық сенбілік өтті. Оған мыңнан астам адам қатысты, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Сенбілік кезінде 300-ге жуық жасыл желек отырғызылды. Оған мыңнан астам адам, оның ішінде ҚР Конституциялық сотының қызметкерлері, бизнес, қала кәсіпорындарының өкілдері қатысты.
Тазартылған саябақтардың, гүлзарлар мен алаңдардың жалпы ауданы 410 мың шаршы метрді құрады.
Сондай-ақ 75 бірлік тиеу техникасы және 36 бірлік жүк техникасы жұмылдырылды.
Экологиялық айлықтың басынан бастап сенбіліктерге барлығы 4000-ға жуық жасыл желек отырғызылды.
Елорданың ҚТҚ полигонына 1700 тоннадан астам қоқыс жиналып шығарылды.
Ұқсас жаңалықтар