00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада танымал футболшылар «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына үлес қосты

Елордада танымал футболшылар «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына үлес қосты
Фото: Астана қалалық әкімдіктің сайтынан

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында танымал аңыз футболшы Коло Туре мен Фадига Халилу көшет отырғызды, деп хабарлады Elorda.info.

Бүгін елімізге футболдан жас өрендерді іріктеу мақсатында «Super bol» жобасына арнайы келген Коло Туре мен Фадига Халилу Астана қаласындағы Қазақстан футбол федерациясы аумағында көшет отырғызу акциясына қатысты. 

Қазақстанға футбол жобасына арнайы қонақ ретінде бірінші рет келдім. Тек жасыл алаңда ғана емес, қаланың экологиясын сақтау мақсатында ұйымдастырылған акцияға қатысқаныма өте қуаныштымын. Бұған дейін де көптеген қалаларда болдым. Бірақ Астананың өзіндік әдемілігі бар. Тазалығы бір жолға қойылғаны көрініп тұр. Бастысы мені сыйлап, шақырғандарыңызға қуаныштымын!, — деді кезінде  әйгілі «Арсенал», «Манчестер Сити», «Ливерпуль» сапында доп тепкен футболшы  Коло Туре.
Айта кетейік, 8 сәуірде басталған Республикалық акцияға елімізде 1 млн-ға жуық адам қатысып үлгерді. 

Енді 29 сәуір - 4 мамыр аралығында қарттар үйі, ардагерлер,қызмет барысында қаза тапқан құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасы тұратын үйлер аумағын абаттандыруға бағытталған «Өнегелі ұрпақ» тақырыптық апталығымен жалғасып жатыр. 

Жалпы Астана қаласында биыл 1,1 миллион жасыл желек, соның ішінде қала аумағында 35 мың, елорданың жасыл белдеуі аймағында 200 мың түп көшет отырғызу жоспарланған.

Сонымен қатар қаладағы 170 қоғамдық орынды, оның ішінде Есіл өзенінің бойын, Ақбұлақ жағалауын, сондай-ақ Триатлон паркі, Бейбітшілік және келісім сарайы, ЭКСПО маңын абаттандыру жұмыстары жалғасады.