00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада тамыз айында жол жүру тарифтері өзгермейді

Елордада тамыз айында жол жүру тарифтері өзгермейді
Фото: Оңалхан Өнерхан

Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

Астанада қоғамдық көлікте жүру ақысының көтерілуіне байланысты тамыз айында ұзақ мерзімді жол жүру – айлық, үш айлық, сондай-ақ күнделікті жол жүру тарифтерінің бағасы сол қалпы қалады.

Елорданың қоғамдық көлігіндегі тариф түрлері:

Айлық жол жүру:

Қала – 7 500 теңге;

Қала+қала маңы – 9 500 теңге;

Үш айлық жол жүру – 20 000 теңге (тек жеке тұлғаларға).

Тәуліктік жол жүру:

1 тәулік – 500 теңге;

3 тәулік – 1 500 теңге;

5 тәулік – 2 000 теңге;

15 тәулік – 4 000 теңге.

Ауысып отырумен сапарлар:

Ауысып отырумен 15 сапар – 2 000 теңге;

Ауысып отырумен 30 сапар – 4 000 теңге.

(60 минут ішінде 1 рет ауысып отыру)