Елордада Түркістан көшесі жартылай жабылады

Фото: Оңалхан Өнерхан
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Түркістан көшесі бойынша Сығанақ көшесінен Алматы көшесіне дейінгі учаскеде жол төсеміне орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Осыған байланысты 21-25 тамыз аралығында жоғарыда аталған учаске ішінара жабылады. Бұл ретте көлік қозғалысы Алматы көшесінен Сығанақ көшесіне қарай бір бағытта ұйымдастырылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет, - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 09:38
Астанада LRT негізгі желісінде рельстерді төсеу жұмыстары аяқталды

Бүгін, 09:19
Елордада Спорт күніне орай отырып ойнайтын волейболдан турнир өтті

17 тамыз, 2025
Астанада Спорт күніне арналған ауқымды экологиялық акция өтті

17 тамыз, 2025
Елордада Қажымұқан Мұнайтпасов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылды