Елордада Тұран даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады

30 мамыр, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Елордада Тұран даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Тұран даңғылының Сарайшық көшесінен Керей-Жәнібек хандар көшесіне дейінгі аралығына орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Осыған байланысты, 30 мамырдан 8 маусымға дейін аталған учаскеде қозғалыс ішінара кезең-кезеңімен жабылатын болады. Бұл ретте көлік қозғалысы тараптардың бірі бойынша екі бағытта да ұйымдастырылатын болады.

Осы орайда, 2023 жылы Тұран даңғылының Тұлпар көпірінен Сарайшық көшесіне дейінгі учаскесінде, ал 2024 жылы Керей-Жәнібек хандар көшесінің Жұлдыз айналымына дейінгі учаскесінде жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады, - делінген хабарламада.