00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне тегін медициналық көмек көрсетіледі 

21 сәуір, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне тегін медициналық көмек көрсетіледі 
Фото: ашық дереккөз

Астанада Жеңіс күніне орай дәстүрлі акция өткізіледі. Оның аясында Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері, ауған соғысының ардегерлеріне тегін медициналық көмек көрсетіледі, деп хабарлады Elorda.info

Олар арнайы мамандардың қабылдауларында болып, медицина орталығында тегін және тұрақты түрде медициналық тексеріс пен кеңес беру-диагностикалық көмек ала алады. 

Айта кетейік, акция мерзімі шектеусіз. Яғни, арнайы тағайындалған медицина орталықтары әрбір соғыс және тыл ардагеріне таңғы сағат 8:00-ден кешкі 18:00-ге дейін аптаның кез келген күнінде тегін қызмет көрсететін болады. 

Байқоңыр ауданы бойынша қабылдайтын медициналық орталықтар мен олардың қабылдау кестесі: 

1. «№8 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК Мекенжайы: Сембинов көшесі, 4/1. Қабылдау кестесі: 139 кабинет, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. 

2. Астана қаласы әкімдігінің «Достық» алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығы» ШЖҚ МКК Мекенжайы: Досмухамедұлы көшесі, 24. Қабылдау кестесі: 2 апта жұмыс істейді, стационарлық бөлімшеде қабылдайды, 223 кабинет, 9.00-ден 12.00-ге дейін.