Елордада шетелдік компания директорынан 180 млн теңге бопсалаған азамат сотталды
15 мамыр, 2024
Елорда ақпарат
Фото: freepik.com
Астанада шетелдік азаматтың қомақты қаржысын жымқырмақ болған алаяқ 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады Elorda.info.
Астана қаласы прокуратурасының мәлімдеуінше, ол мемлекеттік ведомствоның штаттан тыс қызметкерімін деп шетелдік компания директорынан 180 млн. АҚШ долларынан астам ақша бопсалаған.
«Алаяқ инвестициялау шартын жалған жасасу мақсатында аталған қаражатты иемденіп алуға тырысқан. Ол алаяқтыққа оқталу және мемлекеттік лауазымды тұлғаға аса ірі мөлшерде пара беруге айдап салғаны үшін кінәлі деп танылды», - деп көрсетті елордалық прокуратураның баспасөз қызметі.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
Ұқсас жаңалықтар