Елордада С.Сейфуллин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Фото: Оңалхан Өнерхан
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы С.Сейфуллин көшесінің Республика даңғылынан Сарыарқа даңғылына дейінгі аралығында жол төсемінің жоғарғы қабатын салу жұмысын жүргізеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Осыған байланысты 20-24 тамыз аралығында аталған учаскеде қозғалыс ішінара жабылады. Бұл ретте көлік қозғалысы алдымен Республика даңғылына қарай, кейін Сарырқа даңғылына қарай бір бағытта ғана ұйымдастырылатын болады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады, - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар