Елордада рұқсат етілмеген 33 қоқыс үйіндісі жойылды
Астанада заңсыз пайда болған қоқыс орындарымен күрес жүріп жатыр. Жыл басынан бері қаланың бес ауданында рұқсат етілмеген 33 қоқыс орны жойылды, 45 мың тоннаға жуық қалдық шығарылды, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Олардың көпшілігі қазірдің өзінде жойылды, қалғандары бойынша жою жұмыс жүріп жатыр. Мысалы, Сарыарқа ауданында мониторинг нәтижелері бойынша 12 стихиялық қоқыс орны табылды. Бүгінгі таңда олардың 8-і пысықталды, қалғандары бойынша жұмыс аяқталу сатысында. Мердігерлік ұйымдар 16 мың тоннадан астам қоқыс шығарды.
Байқоңыр ауданында көлемі 3,3 мың тоннадан асатын рұқсат етілмеген 3полигон жойылды.
Алматы ауданында жойылған 20 орыннан 15 000 тонна (2 142 рейс) қоқыс шығарылды.
Есіл ауданында көлемі 150 мың тонна болатын рұқсат етілмеген полигондардың 7 орны анықталды. 9 мың тонна қалдық шығарылды. Жұмыс жүріп жатыр.
Нұра ауданынан жойылған орыннан 588 тонна қоқыс шығарылды.
Астанада рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінен қоқыс жинауға арналған қалалық ҚТҚ полигонының жанында уақытша алаң белгіленді, ол Алаш, 64 тас жолында орналасқан. Күн сайын iKomek арқылы құрылыс алаңдарынан қоқыс шығару және белгіленбеген орындарға қоқыс тастау фактілері анықталады, құқық қорғау органдарымен бірлесіп, рейдтік іс-шаралар жүргізіледі.
Жыл басынан бері 232 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Заңсыз полигондарды жою жұмысы жалғасуда. Оның ішінде жаңа ошақтардың пайда болуына жол бермеу бойынша шаралар қабылданып жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» қаланы санитарлық тазарту, нөсер және арық кәріздерін тазарту, көшелерді, тротуарларды, кварталішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау жұмысы жүріп жатыр.
Сондай-ақ, жасыл желектерді күтіп-ұстау және отырғызу, сауда нысандарына іргелес аумақтарды жинау, көгалдар мен гүлзарлар орнату, рұқсат етілмеген полигондарды жою және т.б. жұмыстар жүргізілуде.