00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада «Qala Qyzmet» арқылы 90 мыңнан астам қызмет көрсетілді

17 мамыр, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада «Qala Qyzmet» арқылы 90 мыңнан астам қызмет көрсетілді
фото: ашық дереккөз

Бұл туралы бас шаһардағы коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Астана қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығының басшысы Асқар Тақсымов айтты, деп хабарлады Elorda.info.

2019 жылдың жарты жылдығында 3 701 қызмет, 2020 жылы – 69 560, 2021 жылы – 148 586, 2022 жылы 170 мыңнан астам қызмет, 2023 жылы 90 мыңнан астам қызмет көрсетілді. Бүгінде біздің орталық жеке және заңды тұлғаларға түрлі ұйымдар бойынша 146 қызмет ұсынады. Сондай-ақ аудан әкімдіктеріндегі «Qala Qyzmet» фронт-кеңселеріне айына 2000-2500 адам келеді. Портал айына 17 000 - 20 000 адамға қызмет көрсетеді, - деді Асқар Тақсымов.

Биылдан бастап халыққа коммуналдық қызметтер көрсету саласындағы функцияларды оңтайландыру мақсатында «iKOMEK» орталығы мен «Qala Qyzmet» жобасы біріктірілді.

Айта кетейік, «Qala Qyzmet» арқылы тұрғындар уақытылы шығарылмаған қоқыс, су, жылу, электр энергиясы және туындаған өзге де мәселелер бойынша шағым жолдай алады.